Қазақ
Language×
English (US)English
English (UK)English
ShqipAlbanian
العربيةArabic
ՀայերենArmenian
БеларускаяBelarusian
বাংলাBengali
БългарскиBulgarian
简体中文Chinese (Simplified)
繁體中文Chinese (Traditional)
ČeštinaCzech
DanskDanish
NederlandsDutch
EestiEstonian
FilipinoFilipino
SuomiFinnish
FrançaisFrench
DeutschGerman
ΕλληνικάGreek
עבריתHebrew
MagyarHungarian
Bahasa IndonesiaIndonesian
ItalianoItalian
日本語Japanese
ҚазақKazakh
한국어Korean
LietuviųLithuanian
Bahasa MelayuMalay
NorskNorwegian
PolskiPolish
Português (Brasil)Portuguese (Brazil)
Português (Portugal)Portuguese (Portugal)
ਪੰਜਾਬੀPunjabi
RomânăRomanian
РусскийRussian
SrpskiSerbian
SlovenčinaSlovak
SlovenščinaSlovenian
EspañolSpanish
SvenskaSwedish
TürkçeTurkish
УкраїнськаUkrainian
HandWallet-ті кімдер пайдаланады?
Жоғары сынып оқушылары
HandWallet-ті өз қалта ақшасын өзі басқаратын немесе бос уақытында жұмыс істейтін көптеген жоғары сынып оқушылары пайдаланады. Бағдарламаны жүктеп алып, қолданған оқушылар оның түсінікті әрі ыңғайлы интерфейсіне және өз санаттарын жасау мүмкіндігіне өте риза.
Студенттер
HandWallet студенттер арасында өте танымал, өйткені олар «тар» бюджетпен өмір сүріп, кірістері мен шығындарын мұқият есепке алуға мәжбүр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған студент HandWallet-ті жүктеп алып, оған деректерді үнемі енгізіп отырады. Ай сайын бізге студенттерден көптеген хат пен ұсыныс келеді, олар студенттік өмірге лайық мүмкіндіктер сұрайды: бірге тұру, оқу ақысын бөлісу, шәкіртақы, жеңілдіктер және т.б.
Отбасылар
Үнемдеу қажеттілігі және отбасы қаржысын ақылмен басқару бүгін бұрынғыдан да маңызды. Қарапайым отбасының қаржылық жоспарлауы күрделі және компанияны басқарудан көп айырмашылығы жоқ: отбасының түрлі мақсаттарға арналған тұрақты және кездейсоқ шығындары, түрлі көздерден түсетін тұрақты және кездейсоқ кірістері бар. Оның үстіне көптеген отбасыларда бірнеше банк шоты мен бірнеше несие картасы болады, ал кіріс пен шығын отбасының барлық мүшелерінде болады. Мыңдаған отбасы HandWallet-ті отбасы қаржысын басқарудың таптырмас құралы ретінде таңдап алды. Аз ғана уақыт пайдаланғаннан кейін-ақ көпшілігі қаржылық жағдайлары жақсарғанын, банк шоттарын жақсырақ бақылайтынын, есептен шығарудағы қателерді табатынын және несие картасы бойынша төлем күні енді жағымсыз тосынсыйлар болмайтынын айтады. Енді олар шоттың минусқа кетуін болдырмай немесе азайтып, бюджетті «жеп қоятын» шығындарға көбірек көңіл бөле алады.Саяхатшылар және шетелде тұратындар
HandWallet Pro - саяхатшылар мен шетелде тұратындар үшін таптырмас құрал. HandWallet арқылы бір елден екінші елге сапар шегіп жүрсеңіз де, тұрғын үйге, тамаққа немесе көрікті жерлерге кіру билеттеріне барлығы қанша жұмсағаныңызды кез келген уақытта біле аласыз. Барлық шығындарыңызды теңгемен көре аласыз, валюта бағамы туралы алаңдамайсыз және сапардың әр кезеңінде бағам қандай болғанын есте сақтаудың қажеті жоқ. Бірнеше адам бірге саяхаттаса, қатысушылар арасындағы барлық есеп айырысуды HandWallet Pro арқылы жасауға болады.